Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суретшінің жан сарайы - АРҚА АЖАРЫ

Суретшінің жан сарайы

Өмірдерек:

 Әділбай Шәңгерейұлы Шүйінішев 1959 жылы 3 қарашада, Атырау облысының Исатай ауданы,  Забурун ауылында дүниеге келген. 1977 жылы  орта мектепті тәмамдады. 1983 жылға дейін ауылда әр түрлі жұмыстар істеген. 1983 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет факультетіне оқуға түсіп,1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін оқуын екі жылға үзіп, құрылыс саласында еңбектенуіне тура келді. 1988 жылы оқуын қайта жалғастыруға мүмкіндік алып, 1990 жылы оны бітіріп шықты. Сол уақыттан бастап Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы педагогикалық институттың  көркемсурет факультетіне оқытушы болды. Қазіргі кезде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі «Шығармашылық және спорт» кафедрасында ұстаздық етуде.
2019 жылыИзраильдің Тель-Авив қаласында өткен көрмеде  жеңімпаз атанып, ұйымдастыру алқасының арнайы дипломымен марапатталды. 2019 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында «АRT WEEK IN INDIA» көрмесінде ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 2020 жылы «Санкт-Петербургская неделя искусств» көрмесінде І-ші дәрежелі дипломды иеленді. 

Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейі 1989 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылған болатын. Қазіргі таңда ол қорында он мыңнан астам жәдігері бар, күрделі жөндеуден өткізілген, соңғы техника үлгілерімен жабдықталған еңселі мәдениет ошағы.

Музей құрылған сәттен бастап, өңірдегі әдебиет майталмандары мен өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуді, оны халық арасында кеңінен насихаттауды мақсат етіп қойған. Атап айтсақ, музейдің көрме залында ай сайын бір суретшінің жеке көрмесі өтіп тұрады. Қала мен аудандардан және өзге де облыстардан келген суретшілер туындыларын талғампаз көрерменнің назарына ұсынып, шығармашылығын насихаттауға барынша мүмкіндік жасалған. Сондай өнер иесінің бірі – суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Әділбай Шүйінішев. Қылқалам шеберінің жеке көрмесі біздің музейде  Тәуелсіздік күніне орайластырып өткізілген болатын.

Көрмеге суретшінің жиырмадан астам туындысы қойылды. Әділбай Шәңгерейұлы қаламынан туған еңбектерде ұлттық бояу басым, тарихи тақырыптар барынша айқын берілген. Қазақ мемлекеттігінің бастауында тұрған  хандар мен билер жаңа қырынан бейнеленген. «Қыз Құртқа» картинасында қазақ әйелінің өжет, батыл бейнесі шынайы көрсетілсе, «Абылай» портретінде айбынды хан жаңа образда көрініс тапқан.

Таяуда суретшімен аз-кем сұхбаттасудың орайы келіп, бірнеше сұрақ қойған едік.

— Әділбай Шәңгерейұлы, жеке көрмеңізді «Жан сарайы» деп атауыңыздың сыры неде?

— Иә, көрмеге қойылған еңбектерімнің бәрі өзімнің жан сарайымда әбден толғағы жетіп пісіп, жеті рет өлшеніп, тоғыз толғанып, он ойланып барып туған дүниелер. Бәрі жаныма жақын тақырып. Сондықтан, көрмені де солай атадым.

– Еліміздегі сурет өнерінің бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай?

– Жұмсартып айтсақ, әлі де істелуге тиіс көп дүниелер бар. Сурет –жазудан бұрын пайда болған өнер ғой. Тасқа алғаш рет әріп емес, сурет салынды емес пе?! Қоршаған ортаның нобайы, тіршілік иелерінің сұлбасы жартастарға бейнеленді. Бұл енді әдебиет живописьтен төмен тұру керек деген сөз емес. Бірақ, мемлекет пен меценаттардың көмегі ауадай қажет-ақ.

– Сіздің қаламыңыздан туған Абылай ханның портреті біздің көзіміз үйренген суреттерден мүлде бөлек сияқты. Себебі неде?

– Бұл ғылым мен қиялдың синтезінен туған бейне. Өздеріңіз білесіздер, осыдан біраз бұрын Абылай бабамыздың бас сүйегіне антропологиялық сараптама жасалған болатын. Бұл портреттің негізінде сол сараптаманың қорытындысы басшылыққа алынды. Сонымен қатар, сурет өнеріндегі романтикалық бағыт та қолданылып отыр. Осы екі дүниені біріктіріп, осындай образ бергім келді.

– Туындыларыңызда тарихи тұлғалар мен тарихи кезеңдер жиі көрініс табады екен.

– Рас, дәл байқағансыз. Тарихи шығармаларды көп оқыдым, әлі оқып жатырмын. Деректер мен дәйектерді жинап, архивіме сақтап жүрмін. Тарихшы мамандармен кездесе қалсам, міндетті түрде қазақ мемлекеттігіне қатысты тың мағлұмат сұраймын. Эпостық жырларымыз да тұнып тұрған тарих. Осының бәрі қыл қаламның ұшымен кенепке таңбаланып, руханиятымызды байыта түсу керек. Бұрындық ханның бейнесін жасауға көп уақытым мен күшім кетті. Ол да өз заманының бір кемеңгер тұлғасы ғой. Жан-жақтан ақпарат жинап, кітапхана аралап, сирек қолжазбалар қорларын ақтардым. Нәтижесін көріп отырсыздар, бағасын да халық берер.

– Сіз музей қорында Алтын Ордаға қатысты дерек бар ма деп сұраған едіңіз, бұл ізденісіңіз де шығармашылығыңызға байланысты ма?

– Әрине, солай. Алтын Орданың ірі сауда-экономикалық орталығы болған Сарайшық қаласын білесіздер. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған дүниелерге қарап-ақ қандай өркениеттің ошағы болғанын білуге болады. Өкінішке қарай қаланың жұртын да, маңайындағы зираттарды да орыс отаршыларының тонауынан, көптеген құнды дүниелер қолды болды деп топшылаймыз. Өткен күн өтті, амал нешік…Сол қазба жұмыстары кезінде бір тостаған табылыпты. Әлгі ыдысқа уланған сусын құйылса, сусынның түсі өзгеріп сала береді екен. Яғни, тостаған жасалған материал құрамында адам ағзасына зиян затты анықтайтын индикатор сияқты элемент бар деген сөз. Оның құпиясы ашылмаған әлі. Міне, сол кезде ғылымның деңгейі қандай болғанын осыдан біле беріңіз. Осы жаңалықты естігелі жаным жай таппай жүр. Қолым жұмыстан босаған күні түпкілікті соңына түссем деймін. Жалпы, бұл ғана емес, жаңа туындыларға тұздық болар ой-жоспар көп. Бәрі алдағы күндердің еншісінде.

– Жеке көрмеңіздің Тәуелсіздік күнімен орайластырып өткені  кездейсоқ емес шығар?

– Иә, бәріміз көзіміздің қарашығындай сақтауға тиісті Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай. Желтоқсанның ызғарлы желі бізді де теңселтіп өткен еді. Алаңға шығып, ойымызды ашық білдіргеніміз үшін комсомол қатарынан қуылдық, оқудан шығарылдық. Бірақ, аяғы біз үшін қайырлы болды, егемен ел болдық, алып империя құлады. Мен үшін азаттық осынысымен қымбат.

– Әңгімеңізге рақмет. Шығармашылығыңызға толайым табыс тілейміз!

Нұрболат ӘЛМЕНОВ,
Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар