Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәлік батырдың өмірі мен ерлігі – жас ұрпаққа өшпес өнеге - АРҚА АЖАРЫ

Мәлік батырдың өмірі мен ерлігі – жас ұрпаққа өшпес өнеге

Краснояр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин музейі» КММ-нің ұйымдастыруымен М.Ғабдуллин атындағы «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Аталмыш іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, мұғалімдер мен оқушылар, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұліс-шараның басты мақсаты бүгінгі күннің батырларын тәрбиелеуге атсалысу, оқушыларға Мәлік батырдың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу және оларды өз елінің патриоты болуға баулу, тарих пен әдебиетті ұштастыра отырып, ұрпақ санасына ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерін дарыту болып табылады. М.Ғабдуллиннің болашақ ізбасарларын қолдауүшін жазушы-драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев құттықтау сөзін айтты.

−Осы салтанатты іс-шараға шақыру алғаныма қуаныштымын. Мәлік Ғабдуллиннің бүгінгі күні батыр атағын алғанына сексенжыл болды. Тарих қайтадан қаралып жатыр, қайтадан сүзгіден өтіп жатыр. Кешегі XX ғасырдағы 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы біздің санамыздан ешқашан кетпейді. Қазіркейбірде, кері сөйлеушілер бұл неге Ұлы Отан соғысы болу керек, біз қай Отан үшін соғыстық деп айтып жатыр. Біздің бір Отанымыз болды, олКеңес Одағы. Біз оны қорғадық. Соның ішінде Бауыржан Момышұлының айтқанындай,  «Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, соғыстың ең ауыр зардабын тартқан,бірінші орыстар, екінші украин, үшінші белорустар, төртінші қазақ халқы». Мәлік Ғабдуллиннің жалғыз соғыста ғана емес, жалпы, адами қасиетінің өзі ерлікке балағандығын аға ұрпақ өкілдері жақсы жазып жүр. Көкшетау Мәліктің туған жері, сол жерде бүгінгідей музейдің гүлденуі мен дамуы, осындай іс-шаралардың өткізілуі,ең бірінші, бізге және кейінгі ұрпаққа қажет. Музей ұжымына өзімнің ризашылығымды білдіремін. Қадірлі жастар,сіздер мен біздер, тарихтың аса күрделі, әрі жауапты кезеңінде тұрмыз. Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз. Біз еліміздің болашағына сенеміз.Елдің болашағы үшін Мәлік бабамыз сияқты батырлардың рухы сендерді қолдасын,– деді ол.

Краснояр ауылдық округінің әкімі Серікжан Мақышев те әскери- патриоттық клубтың қатарына қосылған жаңа мүшелерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

−Осындай іс-шараны ұйымдастырып отырған Мәлік Ғабдуллин музейінің басшысы мен №3 орта мектеп-гимназиясының ұжымына алғысымды айтамын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алып отырған жаңа  реформалардың дамуына  белсене қатысу үшін нағыз патриот болуымыз. Жаңа реформалардың бастама алуы, біздің елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлкен серпіліс береді деп ойлаймын. Бүгінгі күні әскери патриоттық клубқа мүше болып отырған оқушыларымызға тек сәттілік тілеймін, – деп құттықтады ауыл басшысы.

Әскери-патриоттық клубқа мүше болу үшін14 отансүйгіш ұланның салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Клуб мүшелеріне Мәлік Ғабдуллин атындағы Көкшетау азаматтық қорғау академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Қасымова мен Краснояр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Әбішов Есенбек мүшелік билеттерді табыстады. Жаңадан қосылған жастарға Бөкен Ілияс өз батасын берді.

Жас Ұлан әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Төлепберген Құдайбергеновтың сарбаздары өзінің әскери өнерін көрсетті. Қаруды бөлшектеу және құрастыру нормативі бойынша Сайлабаев Жоламан ерекшеленсе, көзді байлап, қаруды құрастыру және бөлшектеуде Айлана Сейілбек пен Самат Тасмағамбет үздік нәтижелерге қол жеткізді. Іс-шара соңында концерттік бағдарлама көрсетілді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар