ҚР ТЖ министрі Юрий Ильиннің бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың 8 ақпанында 18 ақмолалық құтқарушы Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар барлық қажетті құралдармен және керек-жарақтармен жабдықталған. Өңір ТЖД бастығы атап өткендей, басты міндет – үйінділер астында зардап шеккендерді іздеу және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
«Сіздерді бауырлас халыққа барынша көмек көрсетуге аттандырамыз, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймын, ең бастысы, өздеріңізге сақ болыңыздар. Ақ жол, сапарларың оң болсын және аман-есен оралыңдар!», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.