Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Кахраманмараш қаласында жойқын жер сілкінісінен ардап шеккен азаматтардың шатырлы қалашығына барды. Президент Оникишубат стадионына келіп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Р. Т. Ердоған барлық қираған ғимараттардың тұрғындары жаңа пәтер алатынын айтты.
«Біз бұл қиындықты жеңіп шығамыз. Бір жағынан үйінділер аршылып, екінші жағынан жаңа ғимараттардың құрылысы басталады. Бұл біраз уақытты алады, бірақ бәрі тезірек жасалады», – деді ол.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 9 057-ге дейін өсті, 52 979 адам жараланды, 6 444 ғимарат қирады.
Айта кетейік, қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Екінші топ құрамында 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер бар.
Фото: Агентство Анадолу