Әлихан Смайылов Экономиканы монополиясыздандыру  жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

– Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін талқылады.

Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға қаралып отырған активтерге қатысты тексеру іс-шараларын жалғастыруды, сондай-ақ олардың кейбіреулерін жеке меншікке берудің заңдылығы тұрғысынан аудит жүргізуді тапсырды.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өңдеу кәсіпорындарына логистикалық және сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ел заңнамасына сәйкес қажетті рәсімдерді тездетіп аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар