Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының кәсіпкерлері Антикордың қорғауында - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының кәсіпкерлері Антикордың қорғауында

Көкшетауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың жұмыс сапары аясында «Атамекен» ӨКП алаңында Ақмола өңірінің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өтті.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы барысында Агенттіктің 1-ші қызметінің басшысы ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды басымдықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы жанашылдықтарды түсіндірді.

\Спикер хабардар еткендей, кәсіпкерлікті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында. Бұл жұмыс кешенді түрде жүргізіліп отырады, атап айтқанда, кәсіпкерлердің парасаттылығына жәрдемдесу бойынша шаралар қабылданаып, бизнес қызметіне заңсыз араласудан қорғау тетіктері енгізіледі. Әр өңірдің ерекшеліктеріне байланысты кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Саян Ахметжанов кәсіпкерлер өз қызметін бастау барысында көбінесе қандай мәселеге тап болатынын айтты. Бұл көбінесе жер, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ коммуникацияларға қосылу сияқты салалардағы әкімшілік кедергілер. Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлық көріністерімен мемлекеттік қолдау шараларын алу кезде де жиі кездеседі. Бұған нақты мысал, ауыл шаруашылығында субсидия алу.

«Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шаралар бизнестің сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге қарсы иммунитетін арттыруға алып келуі тиіс. Өз кезегінде әрбір кәсіпкер өз бизнесін адал жүргізіп, оның ашықтығын қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өтті спикер.

Отырысқа қатысушылардың күн тәртібінде талқылауға Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастырудың өзекті мәселесі кірді. Бұл мәселемен кәсіпкерлер кездесу барысында Антикордың Превенция қызметінің басшысы мен облыс әкімінің орынбасарына тікелей жүгінді.

Өңірдің Кәсіпкерлер палатасының басшылығы көше саудасын орналастыру орындарын бекіту мәселесін реттеу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Мамандардың пікірінше, жаңа тәсілдер – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің бөлшек саудасын жүзеге асыру үшін орын алу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сол арқылы отандық кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді.
Кездесуге қатысушылар мәселені жан-жақты зерттеп, талқылап, оң шешімге келді. Антикор мәселені іске асыруды өз бақылауына алды.

Айта кетейік, Агенттік ағымдағы жылы кәсіпкерлерге түрлі әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмек көрсетуге және мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске асыруда. Жоба аясында еліміздің әр өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, «Атамекен» және жұртшылық өкілдері кіретін жұмыс топтары құрылды. Бизнеспен диалог алаңдары ұйымдастырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар