Шеруге қатысушылардың алдыңғы қатарында жастар тұр. Олар жұмыс күндері өткен наразылық акцияларына қатыса алмаған.
Бұл жолы ереуілге теміржол қызметкерлері қатысқан жоқ, сенбі күні пойыздар мен метро қалыпты режимде жұмыс істеді. Алайда, авиадиспетчерлердің аяқасты шеруге қосылуынан Орли әуежайында рейстердің жартысына жуығы ұшпай қалды. Орли – көлемі жөнінен ел астанасындағы екінші әуежай.
Осы аптада Францияның заң шығару органдары зейнет жасын көтеру бойынша қызу пікірталасты бастады.
Сенбі күнгі акцияда бірқатар тәртіп бұзушылық орын алды. Полицейлер ереуілшілерді көз жасаурататын газбен таратпақ болған кезде, Париждің орталық бульварында бір көлік пен бірнеше қоқыс жәшігі өртелді. Полиция қару ұстап жүру және вандализм сынды түрлі заң бұзушылықтар үшін 8 адам ұсталғанын мәлім етті.
Фото: Michel Euler/ The AP