Ақмола облысында Әбіш оқуларының үздіктері анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Әбіш оқуларының онлайн облыстық кезеңі өткізілді.

Байқау Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттауға, шығармашылық қабілеттерін, сөз мәдениетін дамытуға бағытталған. Оған Ақмола облысындағы жалпы білім беретін ұйымдардан 130-дан астам оқушы қатысты.

Әбіш оқулары төрт бағыт бойынша өткізілді:
1) Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
2) Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу;
3) Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы;
4) Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.

Шығармашылық байқау барысында Ерейментау, Бурабай, Жарқайың, Бұланды аудандары мен Көкшетау қаласынан қатысқан оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.

Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар