Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының прокуратурасы алаяқтың ең көп тараған түрін атады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының прокуратурасы алаяқтың ең көп тараған түрін атады

3 жыл бойы біздің облыстың азаматтары алаяқтықтың құрбандары болып келеді. Бұл ақпараттық прогресс бір орында тұрмайтындығымен түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың ең көп тараған түрі «Халық Банк» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларын сатып алу/сату туралы жарнама болып табылады.

Мысалы, «Youtube» әлеуметтік желісіндегі роликтерді қарау кезінде ақшалай қаражат төлеуді жүзеге асыратын ұлттық компаниялардың өткізілетін акциялары туралы немесе компанияның осы акцияларын сатып алу мүмкіндігі туралы жарнама шығады.

Сілтеме бойынша өтіп, азамат өзінің жеке деректерін енгізетін сауалнаманы толтырады.
Сауалнаманы толтырғаннан кейін компания менеджерінен телефон қоңырауы түседі, ол кіріс алу мүмкіндіктері туралы айтады, мұнда акцияны тіркеу немесе сатып алу үшін ұсынылған шотқа аз мөлшерде ақша аудару қажет.
Азаматтар акцияларды сатып алып, кірістер ала алатынына сеніп, ақша аударады, көбінесе несие алады (үлкен ақша аударымдарының жағдайлары бар).

Алайда, ақша аударғаннан кейін «компания менеджерлері» байланысқа шығуды тоқтатады.
Осыған байланысты, тауарды сатып алу кезінде сатушының сенімділігіне көз жеткізіп, таныс адамдардан тауар мен сатушы туралы білуді ұсынамыз.

Егер сізге компанияның акцияларын сатып алу ұсынылса, ресми сайтқа өтіп, компанияның сенім телефонына қоңырау шалыңыз, компанияның жарғылық құжаттарымен танысыңыз.

Біз қырағы болу және бейтаныс адамдарға ақша аудармау, әлеуметтік желілерде белгісіз сілтемелер арқылы өтпеу қажеттілігіне назар аударамыз.
Жеңіл және жылдам ақша жоқ екенін есте ұстаған жөн.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қзыметінен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар