Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір адам берген қан төрт адамның өмірін сақтай алады - АРҚА АЖАРЫ

Бір адам берген қан төрт адамның өмірін сақтай алады

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі «Мен-донормын» қайырымдылық акциясын өткізді.

Аталмыш іс-шараға  жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, «Қазақстан Студенттер Альянсы» белсенділері, «Феникс» АҚ-ның еріктілері қатысты. Әр жыл сайын облыс орталығында «Мен донормын» атты қайырымдылық акциясы өткізіледі.  Былтыр  80-нен астам еріктілер қан тапсырып, 75 доза компоненттер дайындады. Облыстық қан орталығы ұтқыр топтарды өтінім берген елді мекендерге жіберу арқылы шалғай өңірлерде тұратын еріктілерден қан жинайды. Қан шұғыл  көмек ретінде  мұқтаж адамдарға пайдаланылады. Ал, еріктілердің қайырымдылық үшін алған қаражаты қайырымдылыққа жұмсалады. Донорлық қан әр сағат сайын, әр минут сайын қажет. Зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың тәжірибесі донорлықтың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді.

−Жыл сайын мұғалімдер, студент жастар қан тапсыруға жүгінетін кездер болады. Бұл игі іске Ақмола облысының барлық жастары қызығушылық танытуда. Қайырымдылық акциясын өткізудің негізгі мақсаты – бұл қан құюды қажет ететін ауруларды емдеуге көмектесу,−деді облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Дидар Хамзин.

Бір адам берген қан төрт адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Акцияға қатысуға ниет білдірушілер көп, бірақ донор болу үшін қатаң диетаны ұстануы, денсаулығы жақсы болуы керек. Өкінішке орай, көптеген адамдар бұл туралы ұмытып кетеді. Келгендердің жартысы тиісті шартты сақтамайды.

−Колледжімізде қан тапсыру туралы хабарландыру жасалды. Басында қорқыныш сезімі болды, бірақ, кейін  бәрі әдеттегідей өтті. Жалпы, барлығына айтатыным, қорықпай келсеңіздер болды. Қазір елімізде донорлардың тапшылығы байқалады, алайда, мен өзімнің азаматтық ұстанымымды білдіру үшін осында қан тапсыру үшін келдім − деді «Арна» колледжінің 3 курс студенті Алма Бекенова.

Мамандардың айтуынша, қан тапсырудан бір күн бұрын диетаны ұстану және ауыр тағамдарды тұтынуды шектеу қажет. Адамдар майлы, қуырылған, ащы және тәтті тағамдардан аулақ болуы тиіс. Бұл жағдайда аш қарынға қан да берілмеуі керек. Тек шай, шырын, компот, минералды су ішуге рұқсат, бананнан басқа көкөністер мен жемістерді жеуге  болады.  Сонымен қатар, екі күн бұрыналкогольді сусындарды татпау керек, ал, үш күн бұрын дәрі-дәрмектерді қабылдамау және қан тапсырудан кем дегенде бір сағат бұрын темекі шекпеу керек.

Акцияға қатысушылардың алдын ала қан тапсыру ережесімен танысуға және акция басталғанға дейін нұсқаулықтан өтуге міндетті Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қатысушылар үшін барлық жағдайды жасап, акцияны өткізу кезінде олардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауап береді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар