Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде

«Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері арнайы курстарды сәтті аяқтап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өзара тығыз байланысты жалғастыра түсуде.

Биылғы оқу жылында мектепті 25 тыңдаушы аяқтады. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерінің, гуманитарлық-техникалық академияның жоғары курс студенттері бар. Қазіргі уақытта студенттер диплом алдындағы тәжірибеден өтуде.

Департамент оларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің практикалық дағдылары мен қабілеттерін үйрету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерде біліміне сәйкес келетін бағыттар бойынша тәжірибеден өту жұмыстарына тартуда.

Бүгінгі таңда 25 түлектің 17-сі облыстың мемлекеттік органдарында, оның ішінде ауылдық округтер әкімдіктерінде, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттерде кәсіби тәжірибеден өтуде.

Мемлекеттік органдардағы кәсіби практика олар үшін одан әрі жұмысқа орналасудың жақсы мүмкіндігі болып табылады, іс жүзінде өз ісінің ерекшеліктерін зерделеуге және мектепте алған білімдерін бекітуге көмектеседі.

«Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің міндеті келешегі зор және талантты жастар арасынан мемлекеттік қызметке әлеуетті үміткерлерді даярлау болып табылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар