Ерлік ешқашан өшпейді

Өтер жылдар, кешегі күн алыстар,
Тағдыр талай өз шешімін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы батыр ұлдар – арыстар!

1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып,  1989 жылдың  15 ақпанында аяқталған ауған соғысы  9 жыл  10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы-қасірет әкелгені сөзсіз.

Адамзат тарихындағы қанқұйлы оқиғалардың бірі осы ауған соғысы болғаны жасырын емес. Бүгінгі күні ерліктің даңқын асқақтатып,өздерінің азаматтық тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашанда, қай кезде де мадақ пен марапатқа лайық жандар. Атақты сардар, жазушы Бауыржан Момышұлы: «Айбындылық аспаннан түспейді» деп қаһарман ұлдардытірек тұтқан. Сондықтан, ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу – біздің азаматтық парызымыз.

Станционный қалалық үлгілі  кітапханасында «Ауған сарбаздары:   ерлік тарихы»сағаты ұйымдастырылды. Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына арналған ауған соғысының ардагерлерімен кездесуде оқушыларға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріліп,өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігі үлгі етілді. Әрбір сарбаз ел аманат еткен істің қажеттігіне терең сеніп, Отанның бұйрығын абыроймен атқарды.

Осы от-жалынға біздің жерлестеріміз де – 18 жасар жас жігіттер қатыстырылып, соғыстың қайнаған ортасына түсті. Ауылымыздағыауған соғысының ардагерлері Нұрбек Әбілқасымов пен Ғали Қойшеновшараның қонақтары ретінде «Шаңырақ» клубының мүшелеріне өздерінің Ауғанстандағы әскери борыштарын қалай өтегендіктері туралы айтып беріп, елімізге ашық аспан мен тыныштық тіледі.

Райхан Тұрлыбекова,
Станционный үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

 Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар