Қатыгез соғыстың қаһарман куәгерлері

Ақмола облысының  Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжінің ғимаратында «Ауғанның отты жылдары» тақырыбында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 34 жыл толуына орай, ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері, мекеме басшылары, оқытушылар,БАҚ өкілдері мен студенттер қатысты.Тағылымды шараны «Қоғамдық даму орталығы» мекемесінің  басшысы Айдын Раисов  бастап,  кештің қонақтарын таныстырып, ауған соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтады. Осы от-жалынға қатысушылар сұрапыл соғыстың әкелген зардаптарына тоқталып, сол кездегі өздерінің азаматтық парыздарын жастарға ұғындыра білді.

Ауған соғысы 1979 жылы 25 желтоқсанда басталып, 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталды. Кеңес әскерінің ресми деректері бойынша бұл сұрапыл соғыста біздің жақтан15 мыңнан астам офицерлер мен сарбаздар қаза тауып, 35 мыңнан астам адам жараланды. Осы соғыс әрекеттері Кеңес Одағына 5 миллиард сом шығын келтірді. Бұл соғыстың ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ. Қазақстан жерінен оған 21 мың адам қатысып, 780 адам қаза тапты. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстардың біріАуған соғысы болғаны жасырын емес. Біздің өңірден де бұл соғысқа көптеген ер-азаматтар аттанып, өздерінің интернационалдық борыштарын өтеп қайтты. Өзінің соғыстағы өмірі жөнінде Ақмола облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дуанбай Ыбырай айтып өтті.

−1979 жылы ауған соғысы басталды. Бізді осы жерден шақырған кезде біз небәрі 18 жаста едік. Ол кезде Көкшетау облысы болатын. Сол жылы сарбаздар Германияда, Чехословакияда, Польша, Румынияда қызмет етті. Мен Польшаға 1978 жылдың қазан айында келдім. Польшада бір жыл қызмет еттім.  Кейін 1979 жылы 29 желтоқсанда бізде дабыл қағылып, ұшақпен Ташкентке ұшып, сол жерден автокөлікпен Өзбекстандағы Кекайты қаласына дейін жол жүрдік. Содан кейін тікұшақтармен 27 желтоқсанда Ауғанстанға,  Құндызға қондық. Біз Құндызға жеткен соң, түнде таулардан граната атқыштар мен минометтермен атыс басталды. Міне, менің алғашқы жауынгерлік шайқасым сол кезден басталды.  Атыс басталған кезде көптеген адамдар үрейге берілді, не істеу керектігін білмеді. Біз жүгіріп, окоптарды паналадық. Ол кезде мен 19 жаста болдым. Құдайға сыйынып, бәрі бітті, бұл менің өмірімнің соңы деп ойладым. Кейін шаршап, ұйқыға жаттық. Таңертең  командамен  ояндық. Соғыстың  басында бірер күн тамақ іше алмадық, бірақ, уақыт өте келе бәріне үйрендік. Міне, осылай мен өзімнің алғашқы және соңғы соғысымды бастан өткердім, – деді ардагер.

Ерліктің даңқын көрсете білген ардагерлерге жастар тарапынан соғыс тақырыбына байланысты сұрақтар қойылды. Ардагерлер де өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында тәуелсіз еліміздің дамып-өркендеуіне,  өз үлестерін қосқан, сондай-ақ, Отанды қорғау да, өз еліне деген шынайы сүйіспеншілік, патриоттық сезімнің ерекше үлгісін көрсете білген ардагерлер Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар