Қаңтар айында Қазақстан экономикасы 5,6% өсті

– ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2023 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,6%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,3%, ал қызмет көрсету саласында – 7,6% көрсеткен.

«Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады. Бұл ретте сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ құрылыс салалары ең жоғарғы өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ті құрады. Инвестициялар ағыны өнеркәсіпте – 9,2%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,6%-ке, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 33,7%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 33,7%-ке, көлікте және қоймалауда – 31,8%-ке өсті», – деді Т.Жақсылықов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32,1%-ке өсіп, 134,4 млрд доллар болған. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 39,9%-ке өсіп, 84,4 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,6%-ке ұлғайып, 26,5 млрд долларды құрады.

«Тауарлар импорты 50 млрд долларға тең. Жалпы, оң сауда балансы 34,4 млрд долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,3%-ке ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары көрсетті», – деді Т. Жақсылықов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар