Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент «Viamedis Kokshetau» клиникалық оңалту орталығының жұмысымен танысты - АРҚА АЖАРЫ

Президент «Viamedis Kokshetau» клиникалық оңалту орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Көкшетау қаласында былтыр мамыр айында ашылған «Viamedis Kokshetau» клиникалық оңалту орталығына барды. Бұл – инсульттан кейін оңалту шаралары жүргізілетін еліміздегі алғашқы орталық. Оның жанынан мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында 250 пациентке арналған емхана салынған. Стационарлық оңалту бөлімінде 100-ден астам, күндізгі стационарда 46 төсек орын қарастырылған. Емханада 20 мың адам тіркелген. Денсаулық сақтау мекемесінде 235 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Президентке емхана басшылығы орталықтың науқастарға сапалы әрі жедел диагноз қоюға мүмкіндік беретін заманауи медициналық аппараттармен және құралдармен жабдықталғаны жөнінде мәлімет берді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысындағы денсаулық сақтау саласының қазіргі ахуалы туралы баяндалды. Өңірде 560 медициналық нысан жұмыс істеп тұр. Онда жалпы 7800-ге жуық медицина қызметкері еңбек етеді. Дәрігерлердің тапшылығы соңғы үш жылда екі есе азайған. Облыс 1,4 миллиард теңгеге 80-ге жуық медициналық техника сатып алды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыстағы 38 елді мекенде амбулаторлық-емхана нысандарын салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына Денсаулық сақтау министрлігінің шетелдік инвестормен бірлесіп, Көкшетауда 630 орындық көпсалалы заманауи аурухана салу жобасын жүзеге асырып жатқаны туралы айтылды.

Президентке осы медициналық орталық орналасқан Көкшетау қаласының Сарыарқа шағынауданының құрылысы таныстырылды. Алғашқы іргетасы 2012 жылы қаланған шағынауданның аумағы – 1120 гектар. Бұл жерде 56 көпқабатты тұрғын үй салынған. Әл-Фараби атындағы ІТ-мектеп пен өрт сөндіру бекеті, бірқатар спорт нысаны пайдалануға берілген. Алдағы уақытта 256 көпқабатты тұрғын үй, 21 білім беру нысаны, 2 сауда орталығы және саябақ алаңдарын салу жоспарланып отыр.

Дереккөз: www.akorda.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар