— Өткен тәулікте елімізде 64 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, бір адам осы дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
14 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 605 адам коронавирус инфекциясынан (–1 437 + және 168 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Дереккөз: www.inform.kz