Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пара беру – ең ауыр қылмыс түрінің бірі - АРҚА АЖАРЫ

Пара беру – ең ауыр қылмыс түрінің бірі

Сыбайлас жемқорлық әлемде зұлымдық ретінде өзінің жаһандық ауқымына ХХ ғасырдың аяғында ұлғайта бастады. Осы кезден бастап әртүрлі халықаралық ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бағдарламалар құра бастады.

Қазақстан Республикасы ТМД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған алғашқы мемлекет.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстар, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 367-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни, пара беру үшін де қатаңдатылуда.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, не оған теңестірілген немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды тұлғаға, сол сияқты, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру заңмен жазаланады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Ақмола облысында ҚК-нің 367-бабы бойынша 12 сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде мұндай қылмыстардың 7-і дерегі тіркелген еді.

Яғни, бұл осы санаттағы қылмыстар өтіп отыр деген сөз. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жазасын өтеп жатқан «Н» есімді сотталғанды әшкереледі, ол түзеу колониясының қызметкеріне мекемеге телефондар алып келгені үшін 600 000 теңге көлемінде пара ұсынған.

Бұл факт туралы колония қызметкері құзыретті органдарға дер кезінде хабарлап, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адам ұсталды. Қазіргі уақытта пара берушіге қатысты іс тергелуде.

Құрметті Ақмола облысының азаматтары! Сіздерден адамның өзі пара беруге мәжбүр болатын жағдайларға бармауыңызды сұраймыз. Ол үшін бас бостандығынан айыру және басқа да жаза түрлері көзделген.

Мұндай мән-жайлар туындаған жағдайда қылмыстық қудалау органдарына хабарлауды және сол адамның заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоюды сұраймыз.

Ақмола облыстық прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар