Шекспирдің «Отелло» трагедиясын тамашалаңыздар!

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық – драма театрында әлемдік классика – У.Шекспирдің «ОТЕЛЛО» трагедиясының премьерасы өтеді.

Қойылым 2023 жылы 26 ақпанда сағат  17.00-де басталады.

Қоюшы режиссері:  Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов

Қоюшы суретшісі: Ирина Лунга

Киім үлгісінің суретшісі Маймұра Топанбаева

Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 40 минут.

Қойылымның премьерасына зиялы қауым өкілдері, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары, БАҚ қызметкерлері шақырылады.

Әлемдік классик, ұлы драматург  Уильям Шекспирдің шығармалары қанша ғасыр өтсе де өз өзектілігін жойған емес. Бұл қойылым ержүрек Отеллоның айналасында жүріп  пенделіктің пердесіне тұмшаланып, пұшайман күй кешкен тағдырлар шиеленісін көрсетеді.  Сюжет желісіне мықтап  зер салсаңыз осы заманның оспадар тұсын түйсініп түрлі сезімдерді бастан кешеріңіз анық…

Тұнық махаббат пен тұма сезімге тұзақ құрып, ғашық жандардың арасындағы іңкәрлікке  шоқ тастаған қаскөй кім?  Қызғаныштың қызыл итіне таланған кімдер?.. Адамзатқа ортақ, өлмес тақырыптарды өзек еткен автордың мықтылығы неде? Білгіңіз келсе «ОТЕЛЛО» трагедиясын тамашалаңыз!

Спектакль алдында сағат 16.40-та БАҚ өкілдерімен режиссердің сұхбаты өтеді.

Манарбек ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ,
мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері,
Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма
театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар