Көкшетау қаласының №12 орта мектебінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Салық төлегісі келмеген сараң Хасан туралы ертегі» атты кітаптың таныстырылымын өткізді.
Кітапта екі ертегі кейіпкері туралы айтылады. Жақсы жігіт Асан өз қазынасына үнемі салық төлеп отырады, ал, сараң бай Хасан болса, табысын жасырып, салық төлегісі келмейді. Соның нәтижесінде Асанның ауылы дамып,көркейіп, жұртшылық қуанышқа кенелсе, Хасанның ауылының көшелерікерісінше көріксіз қалпынан бір өзгермей, тұрғындары көңілсіз жүреді.
Тұсаукесер барысында балаларға салықты не үшін төлеу керектігі, салықтың қандай түрлері бар екені және қазіргі таңда оны смартфон арқылы төлеуге болатыны түсіндірілді.Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «сыбайлас жемқорлық», «әдептілік» ұғымдары түсіндірілді.
Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шынар Мусина мен бас маман Валентина Еремина кітаппендайындалған бейнероликтердікөрсету кезінде балаларға қолжетімді және түсінікті жауап беруге тырысты.Әр балаға ертегі кітабы берілді. Оқу орны директорының орынбасарыӘсел Сүлейменова:–Мемлекеттік кірістер органдарықызметкерлерінің балаларымызға осындай түрлі суреттерменбезендірілген кітаптар мен бейнероликте дайындағаны өте жақсы, себебі, оларды көрген баланың сана-сезімі кішкентайынандамып, жақсы жағына қалыптасып, тәртіпті және әдепті болып өседі, – дей келе, келген департамент мамандарына алғысын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.