Бүгінде өңір тұрғындары үшін 562 денсаулық сақтау объектісі медициналық қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдарда 8 мыңға жуық медицина қызметкері, оның ішінде 1650 дәрігер және 6132 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Кадр тапшылығы мәселелерін шешу жолында жасалып жатқан шаралар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында өткен брифингте Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тохтар Қоңырбаев айтып берді.
Дәрігерлік кадрлардың тапшылығын төмендету мақсатында жыл сайын резидентурада оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант бөлінеді, орта буын медицина қызметкерлері үшін жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінеді. Сондай-ақ, Көкшетау жоғары медициналық колледжі орта буын мамандарын даярлауды 8 мамандық бойынша жүзеге асырады. Яғни, аталмыш оқу ордасында емдеу ісі, акушерлік іс, мейірбике, гигиена және эпидемиология, стоматология, ортопедиялық стоматология, зертханалық диагностика, фармация мамандықтары бойынша білім алуға болады.
– Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылды, онда 740 адам оқиды, оның ішінде әкімнің гранты есебінен 200 адам білім алып жүр. Жыл сайын медицина факультетіне 50 әкім гранты грант бөлінеді, – деп атап өтті Тохтар Қоңырбаев.
Ақмола облысы елоардаға жақын орналасқан өңір болғандықтан, кадр тапшылығының болуы қалыпты жағдайға айналды. Әрі бұл тек медицина саласына қатысты мәселе емес. Десе де, медицина кадрларың ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Жатақхана беру, пәтер жалдау төлемдерін бірлесіп төлеу, балабақшаларда орын бөлу, жұбайын немесе зайыбын жұмысқа орналастыру арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
–2022 жылыөңірге 88 жасмаманкелді. Ондағыеңсұранысқаие 27жасмаманға 50 миллион теңгесомасында көтермеақытөленді. Оныңішіндеқалалықжергекелген 18 дәрігерге 27 миллионтеңге, ауылдықжергекелген 9 дәрігерге 23 миллионтеңгетөленді. 2023 жылғаоблыстықбюджеттенжаңаданкелгендәрігерлергекөтермеақытөлеуге 120 миллионтеңгеқарастырылды,–дептолықтырдысөзінбасшыныңорынбасары.
Соныменқатар, «Дипломмен –ауылға!» бағдарламасы аясында көтермеақы 75 медицина қызметкерінежалпысомасы 22,9 миллионтеңгеге, әрқайсысы орта есеппен 300 мыңтеңгеберілді. Тағы 54 медицина қызметкері 242,9 миллион теңгегетұрғынүйсатыпалуғанесиеалды.
Жылсайын медицина қызметкерлерініңжалақысыөсуда. Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға, кіші персоналдың жалақысы 15 пайызға өседі. Қабылданған игі шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары дәрігер мамандарының тапшылығы екі есеге төмендеді.
Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында биылғы жылға 62,3 миллион теңге бөлініп, 5 объектіде күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу жоспарланған. Олардыәзірлегенненкейінкүрделіжөндеужүргізугебюджеттікөтінімдерберілетінболады.
Облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29 пайызға төмендеген. Биыл облыс орталығында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік әріптес болатын жалпы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске асырылады.
–АталғанаурухананыңқұрылысыСарыарқашағынауданындағы 17 гектар жеручаскесіндежоспарланған. Бұлучаскеыңғайлыкөліклогистикасынескереотырып, қаланыңшалғайнүктелерінен 15-20 минут ішіндежеделмедициналықкөмектіңжетуінесептейотырыптаңдалды. Мақсат –ғылым мен білім беру практикасынсапалыинтеграциялайотырып, озықинновациялықтехнологиялардыпайдаланып, елдіңсолтүстікөңірініңүшоблысынаарналғанхалықаралықдеңгейдегіауруханақұру. Бұлауруханазертханалық-диагностикалықзерттеулерденбастапстационарлықемдеугедейін, яғниаурудыңбарлықкезеңдерінде пациентке ұсынылатынқызметтердіңкеңспектрі бар сапаның алтын стандартынаайналады, –депмәлімдедіТохтарҚоңырбаев. –Ауруханадабарлығы 1979 штат бірлігіболадыдепболжануда, осылайшақосымша 50 жұмысорныашылады.
Аурухана аумағында негізгі кешенді ғимараттан басқа, оның жұмыс істеуі үшін барлық нысандар жобаланған, оның ішінде 208 орындық жабық паркинг, санавиацияға арналған тікұшақ алаңы, қазандық, гараж, патологиялық-анатомиялық бөлімше, қойма, жедел жәрдемді дезинфекциялау пункттері болады. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылға жоспарланған.
Камила ӘБДЕЛМАНОВА.