Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен облыс прокуратурасы алқасының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Ақмола облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Басқармасының бастығы Ақыл Карпықпаев, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ алқа мүшелері қатысты.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақмола облысы бойынша Басқармасының бастамасымен күн тәртібіне азаматтардың өтініштерін қараудың сапасы мен уақтылығы мәселесі шығарылды.
2022 жылы облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жеке және заңды тұлғалардан 79 909 өтініш келіп түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға артық.
Талдау барысында азаматтардың өтініштерін қарау, басқа органдарға қайта жіберу мерзімдерінің көптеген бұзушылықтары анықталды.
Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде анықталған барлық бұзушылықтар бойынша Ақмола облысының прокуратура органдары қадағалау актілерін енгізді, олардың нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев азаматтардың өтініштерін қарау бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауапкершілігін атап өтті.
Сондай-ақ, облыс прокуроры халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі, олардың өтініштерін қарау сапасына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін облыс прокуратурасы алқасының алаңында облыстың мемлекеттік органдарымен азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қаралуы талқыланып, нақты шаралар әзірленді.