Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түркиядағы жер сілкінісі: Антакия мен Искендерун арасында жол бұзылып, теңіз деңгейі көтерілуі ықтимал - АРҚА АЖАРЫ

Түркиядағы жер сілкінісі: Антакия мен Искендерун арасында жол бұзылып, теңіз деңгейі көтерілуі ықтимал

– Түркияның Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында жер сілкінісі екі рет қайталанған соң Антакия мен Искендерун қалаларының арасындағы жол бұзылды. Бүлінген ғимараттар да бар екені айтылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Habertürk телеарнасының хабарлауынша, Түркияның оңтүстік-шығысында үйлер қираған, әзірге олардың саны қанша екені белгісіз. Жерасты дүмпуі Сирия, Ливан, Кипр елдерінде, тіпті Израильде де сезілген.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, көршілес провинциялар мен Сирия, Ливан, Иордания, Ирак, Палестина, Израиль мен Ливанда да сезілген. Ливанда жер сілкінісі ел астанасы Бейрут қаласын қоса алғанда елдің барлық аймағында білінген.

Сирияда зілзаланың гүрілін Идлиб, Алеппо, Хамы, Африна, Аазаза, Джераблуса, Эль-Баба мен Телль-Абъядада сезген. Халық қауіптеніп, үйлерінен жүгіріп шығып жатыр.

Түркияның Антакъя мен Искендерун қалаларындағы жолға жер сілкінісі екі рет қайталанған соң зақым келген.

AFAD азаматтарға теңіз деңгейінен 50 см-ге көтерілу ықтималдылығына байланысты жағалаудан аулақ жүруге кеңес беріп отыр.

Түркия вице-президенті Фуат Октай тұрғындарға зақым келген ғимараттарға жақын жүрмеуді ескертіп жатыр.

Осыған дейін Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында дүйсенбі күні 6,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды. Кешірек тағы қуаты 5,8 магнитудаға жететін тағы бір жер сілкінісі болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар