Сот үкімін орындамай, жаза қосып алды

Степногорск қалалық соты сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы пробация қызметінің материалын қарау бойынша жария сот процесін өткізді. Бұл отырыс шартты жаза алғандардың, бірақ, соған жеңіл-желпі қарайтындардың бәріне сабақ болады деген ойдамыз.

Бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған С. атты азамат белгіленген талаптар мен міндеттерді орындамаған. Ол есепке алуға келмей, профилактикалық әңгімелесулерге бармай, тексерулер жүргізу кезінде үйде болмаған, қоғамдық жұмысты атқаруға кіріспеген. Сондай-ақ, жұмысқа орналаспай, нәтижесінде тәртіпті бұзғаны үшін 14 ескерту алған.

Сотта оған жазаны орындау тәртібін бұзғаны үшін қалған 2 жыл 10 ай 29 күн көлеміндегі өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Айыпталушы С. жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болды.

Мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сот отырысына бас бостандығын шектеу жазасын алған сотталған адамдар және пробация қызметінің өкілдері шақырылды. Өзінің қорытынды сөзінде судья тыңдаушыларға үкімді орындауға жауапкершілікпен қараудың, жазаны өтеу тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіндірді.

Степногорск қалалық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар