Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлерді іріктеу тәртібі - АРҚА АЖАРЫ

Жеке сот орындаушысы қызметіне үміткерлерді іріктеу тәртібі

Ақмола облысы әділет департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтің бір түрі – жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу. Осы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мынадай қағидалары бар.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтар бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмағандығы туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді түрде бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіпте қайта өтініш беруге құқылы.

Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу және білімді ауызша әңгімелесу түрінде тексеру сияқты екі кезеңнен тұрады. Егер сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны 70 және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткен болып саналады және екінші кезеңге жіберіледі.

Тестілеуді тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, екіншісі комиссияға беріледі.

Ауызша әңгімелесу кезінде комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін оларды білуі қажет құқықтық пәндер тақырыбына қатысты кемінде үш сұрақ қояды.

Аттестаттаудың қорытындылары бойынша комиссия мүшелері көпшілік дауыспен тиісті шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы комиссияның шешімі негізінде бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ, ол бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.

Жұлдыз АДАМОВА,
Ақмола облысы әділет департаменті
атқарушылық өндірісі бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар