350 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

 – 1 ақпандағы жағдай бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Биыл бұл мақсатта бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген.

1 қаңтарынан бастап, тұрмысы төмен отбасылардағы мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне ауыстырылды. Бұл ретте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5 175 теңге) белгіленген. 1 ақпандағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 106,4 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар