Энтони Блинкен Қазақстанға келіп, Мұхтар Тілеубердімен кездесті

– АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

photo

Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді. Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.photo

Энтони Блинкен сапар барысында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулерден бөлек, Орталық Азиядағы бес республикасының өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.

photo

photo

Жалпы, «С5+1» форумы АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударады.

photo

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпанынан 3 наурызына дейін Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарлайтындығын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар