Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны жарты жыл бойы қарызын өтемей келген - АРҚА АЖАРЫ

«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны жарты жыл бойы қарызын өтемей келген

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселемен жүгінді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорны өткен жылдың тамыз айынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші алдындағы борыштық міндеттемелерін орындамаған.

Кәсіпорын қарызды өндіріп алу туралы соттың атқару парағының болғанына қарамастан, 3,3 миллион теңге сомасындағы өз қарызын өтеуге асықпады.

Проблемалық мәселе Департаменттің араласуынан кейін ғана өз шешімін тапты. Нәтижесінде, «Көкшетау жылу» коммуанлдық кәсіпорны бизнес субъектісіне атқарылған жұмыстар үшін толық көлемде төлем жасады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар