Қоғамдық бірлестіктер жұмысы бір мақсатты көздейді

Ол мақсат белгілі. Мемлекетімізде әділеттіліктің орнығуына күш салу.Осы жолда Азаматтық қоғамдастық ресурстарының бірлесіп іс-қимыл танытуы жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Алмат Ысмағұлов, «Наше право» қоғамдық бірлестігінің басшысы Владислав Шуль және «Облыстық табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тұтынушылар» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Арман Садықовбаяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» аттыҚазақстан халқына Жолдауындамемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, 2021 жылы «Қоғамдық бақылау туралы» заң күшіне енді. Бүгінгі таңда облыста  «Әділдік жолы», «Облыстық табиғи монополиялар субъектілері қызметтерін тұтынушылар» және «Наше право» қоғамдық бірлестіктері аталған заң аясында жұмыс жасауда.  «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің мақсаты  мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау және іске асыру болып табылады. Аталмышұйым азаматтарға құқықтық мәселелер жөнінде тегін кеңес беріп, әр арыз-шығымды заң шеңберінде шешеді. Сондай-ақ, өңірге бөлінген қаражатты игеру тиімділігінің мониторингін жүргізіп, тұрғындардың өтініштеріне талдау жасайды. Оның барысында құқық бұзушылық орын алған жағдайда, іс сотқа жіберіледі.

−Ақмола облысында іс жүзінде оқу курсынан өтпейтін адамдарға шәкіртақыны негізсіз есептеу арқылы бөлінген қаражатты жымқыру және ысырап ету фактілері анықталды. Сондай-ақ, білім беру саласында іссапар шығындарын негізсіз есептеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау деректері де расталды. Сонымен қатар, «Артспорт» спорттық және шығармашылық тапсырыстарды қаржыландыруға қатысты жемқорлық фактілері де анықталып отыр,−деді Алмат Ысмағұлов.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру мемлекеттің дамуын алға апарып, халықтың түрлі салалар бойынша мәселелерін шешуге ықпал ететін фактор болып табылады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асырарда азаматтық қоғам институттары қызметін жетілдіру үрдісі қалыптасып келеді.

−«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, мәселелерді шешудің арқасында азаматтар мен нақты мемлекеттік органдар арасында тығыз байланыстыңартып келе жатқанын атап өткен жөн. Осы тұжырымдама аясында «Көкшетау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «SAGADIEV&PARTNERS» адвокаттық кеңсесі арасында тегін заңгерлік кеңес беру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру де құқық бұзушылықтар анықталмай қалған жоқ. Сондықтан, қоғамдық тыңдаулар өткізбей, жоспарлау жобасын түзету, үлескерлердің қаражатын тартпай-ақ тұрғын үйлер салу бойынша мониторинг жүргіземіз, −деді Владислав Шуль.

Сондай-ақ, «Облыстық табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тұтынушылар»қоғамдық бірлестігінің жұмысы дамемлекет жүйесіндегі құжаттарды іске асырудың қоғамдық мониторингін жүргізумен тығыз байланысты болып отыр.

Бүгінгі таңда  облыс тұрғындарының жайылымдық жерлерге қатысты арыз-шағымы көбеюде. Мамандар қарапайым ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге талпыныс жасап жатыр. Өйткені, облыс елдімекендерінде құқық бұзушылық әрекеттерден зардап шегіп, заң аясында тегін көмекке мұқтаж азаматтар баршылық.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар