Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Он жыл ішінде 250-ге жуық ақмолалық әйелге көмек көрсеттік - Құралай Жұмабекова - АРҚА АЖАРЫ

Он жыл ішінде 250-ге жуық ақмолалық әйелге көмек көрсеттік – Құралай Жұмабекова

– Көкшетаулық «Күміс алқа» иегері Құралай Жұмабекова туған балаларына ғана емес, өзгенің балаларына да жетерліктей аналық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі. Алты баланы дүниеге әкеліп, тағы алты баланы бауырына басқан ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласуда. Бүгінгі күні ол жетекшілік етіп отырған «Ана үйі» ресурстық орталығы мен «Демеу сенім» қоғамдық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуде. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазАқпарат тілшісі ақмолалық әйелдердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайын шешуде өлшеусіз үлес қосып жүрген Құралай Жұмабекованың сұхбатын оқырман назарына ұсынады.

– Құралай Ғабдулғамарқызы, әңгімеміздің әлқисасын «Ана үйі» ресурстық орталығынан бастасақ. Жалпы, орталықтың ашылғанына қанша уақыт болды?

– Осыдан 10 жыл бұрын «Ана үйі» республикалық қоғамдық қоры ашылған болатын. Яғни, 2013 жылы тастанды балалар көбейген кез. Көптеген аналар әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларына байланысты туған балаларынан баста тартты. Бұл сол кезде қоғамның басты ауру болды десем қателеспеймін. Сондағы әйелдердің айтатыны; «Барар жеріміз, басар тауымыз жоқ. Әкесіз баланы ата-анамыз қабылдамайды». Сол кезде, отандық кәсіпкерлер бұл жағдайды шешуге атсалысты. Соның ішінде Айдын Рахымбаев жұбайымен бірге қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмектесу үшін «Аналар үйі» дағдарыс орталығын ашты. Алғашқы аналар үйі Алматы мен Астанада пайда болды. Кейін республиканың барлық өңірінде ашылды. Біздің «Ана үйі» ресурстық орталығы да сол кезден жұмыс істей бастады. Биыл 10 жыл болады. Осы уақыт ішінде республика бойынша 6 мыңнан астам әйелге көмек көрсетілсе, Ақмола облысы бойынша 250-ге жуық. Бірақ оның ішінде 146 әйел ана үйінде тұрды. Өзімізде алты баламыз бола тұра, марқұм жолдасым Рашид екеуміз ана-анасының қамқорлығынсыз қалған алты баланы тәрбиелеуге алдық. Бүгінде өз балаларым да, асырап алған балаларда ер жетіп өсті. Олар үнемі маған көмектесіп тұрады.

photo

– «Ана үйі» ресурстық орталығында әйелдер қанша уақыт болады?

– Түрлі жағдаймен түскен жас аналар тұрмыстық жағдайларын жақсартып алғанша алты айға дейін «Ана үйі» ресурстық орталығында болады. Олардың мұнда келуіне сан түрлі себеп бар. Әрине, ерте жүктілік мәселесінде қыз балаға ғана кінә артқан дұрыс емес. Нәрестесін құшақтап өз мәселесімен жалғыз қалатын жас аналар қолдауға зәру. Жақында бір отбасы орталыққа келіп немерелерімен қауышты.

Бізге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдер де көмек сұрап келеді. Қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Орталықта тұру тегін. Азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта 5-6 жас ана тұрып жатыр. Оларға жарты жыл ішінде қаражат жинап, тұрмыстарын түзеуге мүмкіндік бар.

– Орталықтағы әйелдер немен айналысады және бос уақыттарын қалай өткізеді?

– Бүгінгі таңда орталықтағы аналардың барлығы дерлік жұмыс істейді. Біз олардың балаларына кезекпен қараймыз. Таңертең жұмысқа шығарып салып, кешке қарсы аламыз. Бұл жас аналардың әрқайсысының өз трагедиясы бар. Олар мұнда жетіскеннен келмейді. Ең жас ана Мария, ол небәрі 16 жаста. Оны мұнда туған анасы әкелді. Машаның өзі балалар үйіне, ал баласы сәбилер үйіне түсуіне шақ қалды. Біз оны сәбиімен өзімізге алдық. Бүгін Машаның қызы Элизабетке 10 ай толды. Болашақта біз Машаның білім алуына көмектесіп, аяғына нық тұрып кеткенше тағдырын одан әрі қадағалап отыратын боламыз. Сол сияқты Карина есімді жас анаға да қамқорлық керек. Ол да әлі біздің орталықта бола тұрады. Каринаның өзі бізге «Жастар» жасөспірімдер үйінен келді.

Аналар бізде ешқашан отырмайды. Біз бәріміз бірге қонаққа барамыз, дойбы ойнаймыз, балалармен бассейнге барамыз, ал әр сәрсенбіде біздің аналар үшін Достық үйінің өкілдері арнайы шеберлік сабақтарын өткізеді. Мысалы, қыздарға тамақ дайындауды үйретеді. Тіпті, біздің аналар тұшпара жасап сатады. Кейде балалармен еріктілер отырып, аналарды мерекелік кешкі асқа да жібереміз. «Жаңбырдың соңынан күн шығады» дегендей, осы жылдар ішінде орталықта тұрып, мамандық алып жұмысқа орналасқан аналар көптеп саналады. Біз олар үшін қуанамыз.

– Әйелдердің әлеуметтік жағдайын шешуде қандай мәселелер бар?

– Ең қиыны әрине, баспана. Қалада пәтер жалдап тұру өте қымбат. Жас аналардың көбінің мамандығы жоқ. Еден жуушы, санитар жалақысымен пәтер жалдап күнкөру мүмкін емес. Осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызы есебінен балаларға 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарын ашуды тапсырды. Мұны мемлекеттің өскелең ұрпаққа деген үлкен қолдауы мен қамқорлығы деп білемін. Сонымен бірге, бала күтімі бойынша төлемдерді 1,5 жасқа дейін арттыру, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасын тегін ұсыну, әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 жасқа белгілеу бала тәрбиесімен айналысып отырған әйелдер үшін үлкен қолдау болатынына сенімдімін.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет. Көктем мерекесі құтты болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыздың орындалуына тілектеспіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар