Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеке тұлғаның банкроттығын көздейтін заң нормалары күшіне енді - АРҚА АЖАРЫ

Жеке тұлғаның банкроттығын көздейтін заң нормалары күшіне енді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында брифинг өтті.

Шара барысында Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова 3 наурыздан бастап жеке тұлғаның банкроттығын көздейтін заң нормалары күшіне енгенін алға тартты. Заңда рәсімдердің 3 түрін енгізу ұсынылды. Соттан тыс банкроттық рәсім тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

−Аталмыш рәсімді қолдану үшін банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 миллион теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ, өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс.  Банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізіп, банкроттық 7 жыл бойы қолданылмауы қажет.  Соттан тыс банкроттық  рәсімін қолдануға өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясына» келіп қана емес, мұны Егов, Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі, “Е-салық-Азамат” мобильдік қосымшасы арқылы да онлайн беруге болытынын білген жөн. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалды. Өтініштерді  қабылдау және борышкердің кіріс өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, −деді Әсем Шәкірова.

Азаматтар 5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар мен басқа да берешек түрлері бойынша сот банкроттығына жүгіне алады. Сот банкроттығының басты  мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады. Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделді.

− Төлем қабілеттігін қалпына келтіру рәсімі тұрақты табыс болған жағдайда, қарыз төлеу үшін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады. Сауықтыру жоспары қаржы басқарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан, банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.  Барлық үш процедураны борышкердің өзі ғана бастайды, яғни, несие берушінің борышкерді банкрот деп тануға құқығы жоқ, – деп қосты Әсем Шәкірова.  Сондай-ақ, ол соңғы кездері әлеуметтік желілерде ақылы қызмет көрсету туралы жарияланымдарды орналастыру фактілері жиілеп кеткенін атап өтті. Алаяқтардың азаматтарды банкротқа ұшыратуы үшін мұндай көздерге сенуге болмайды, өйткені, соттан тыс банкроттық рәсімі мүлдем тегін.

Ағымдағы жылдың 9 наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облысында соттан тыс банкроттық туралы 350 өтініш түссе, сот банкроттығы мен төлем қабілеттігін қалпына келтіру бойынша өтініш  болған жоқ.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар