Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парижде наразылық акциясы барысында 200-ден астам адам ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

Парижде наразылық акциясы барысында 200-ден астам адам ұсталды

– Құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткендерге көзден жас шығаратын газ бен су атқыштар қолданылды. Наразылық әрекеттері Францияның өзге де қалаларында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Парижде үкіметтің бастамасымен қолға алынған зейнетақы реформасына қарсы наразылық шарасына 6 мыңға жуық адам шықты. Қаланың орталығында наразылық білдірушілер полициямен қақтығысып, нәтижесінде 16 наурызда 217 адам қамауға алынды.

Полиция қызметкерлеріне түрлі заттарды лақтырып, қарсылық көрсеткендерге қарсы көзден жас шығаратын газ бен су атқыш құрылғылар қолданылды. Наразылық акциялары Марсель, Дижон, Нант, Ренн, Руан, Гренобль, Тулуза және Ницца қалаларында өтті.

AFP басылымының жазуынша, Марсельде шерушілер бірнеше дүкенді талқандаған. Нант пен Ренне және Лионда тәртіп сақшылары мен ереуілшілер арасында қақтығыс болды.

Айта кетейік, Францияда ұзақ уақыт зейнетақы реформасына қарсы ауқымды наразылық шаралары өтті. Елдің қалаларында миллионға жуық адам көшеге шықты. Соның ішінде Парижде ғана 300 мың адам ереуілдеткен.

Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, реформаға Франция халқының 76% қарсы болған. Алайда елде мыңдаған адамның қатысуымен өткен наразылық шараларына қарамастан Франция сенаты күдік тудырған реформаны қолдады. Реформа зейнетақы жасын 62-ден 64-ке дейін көтеруді көздейді. Заң жобасы Парламентта талқылауға алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар