«Amanat» партиясы Акмола облыстық филиалының төрайымы Айна Мысырәлімова Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп гимназиясында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.
«Бүгін-бүкіл еліміз үшін, оның ішінде отбасымыз үшін ерекше күн. Таңертең олар өздерінің сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Сайлау учаскесінде ерте таңнан адамдардың қарасы көп. Барлығына жағдай жасалған. Отбасымызбен тұрақтылық, әділеттілік, даму және прогресс, халықтық мәселелерді шешу үшін дауыс берегенімізге қуаныштымыз», — деді Айна Мысырәлімова.