Белсенділік байқалады

Покровка ауылындағы №199 сайлау учаскесі жалпы білім беретін мектепте орналасқан. Мектепке кіре берістен-ақ, мерекелік көңіл-күй сезіледі.

Ауыл тұрғындары саяси науқанға аса белсенділікпен қатысуда. Олар сайлау учаскесіне отбасы мүшелерімен бірге келіп, дауыс беруде. Ел болашағы үшін өз таңдауын жасап келген отбасылар қатарында Ахаевтар, Рассохиндер, Пидлый, Михель, Мачикавтар бар. Ең бірінші болып дауыс берген ауыл тұрғыны Марина Бихертке естелік сыйлық табыс етілді.

Аталмыш учаскеде 432 сайлаушы бар. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар