Елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты – ІІМ

– Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда сайлау күнінде ешбір заң бұзу фактісі тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сайлау өтіп жатқанына байланысты ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түрінде жұмыс атқаруда. Бүгінде Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға ішкі істер органдарының 45 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылған. Сайла у өткізетін орындарда құқық бұзу фактілеріне жедел ден қою үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Бюллетеньдерді әкелгенге дейін бүкіл сайлау учаскелері қауіпсіздік ке тексерілді. Сайлау орындарына бюллетеньдерді жеткізген кезде полиция алып жүріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті», – деді ол.

Қайсар Сұлтанбаев полиция өкілдерінің сайлау учаскесіне қандай жағдайда бас сұға алатынын еске салды.

«Сайлау туралы заңның 39-бабы бойынша полиция қызметкерлерінің сайлау өткізу процесіне араласуға, дауыс беруге арналған үй-жайларда болуға құқығы жоқ. Сондықтан бұл ретте сайлау учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу үшін олар комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана барады. Жалпы қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ», – деді комитет басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар