Бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №19 сайлау учаскесінде де таңсәріден жұмыс қарбалас.
№19 сайлау учаскесінің төрайымы Бибигүл Қожанованың айтуынша, мұнда 2190 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде он адам адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Алғашқы дауыс берген белсенді азаматтарға сайлау учаскесінде сый-сияпат жасалды. Олардың қатарында 1937 жылы туған Валентин Савченко бар. Сексен алты жастағы қария еліміздегі саяси науқанға белсенді ат салысып, жылы лебізін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.