Халықтың ықыласы ерекше

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауы  өтіп жатыр. Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №19 сайлау учаскесінде де таңсәріден жұмыс қарбалас. 

№19 сайлау учаскесінің төрайымы Бибигүл Қожанованың айтуынша, мұнда  2190 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде он адам адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Алғашқы дауыс берген белсенді азаматтарға сайлау учаскесінде сый-сияпат жасалды. Олардың қатарында 1937 жылы туған Валентин Савченко бар. Сексен алты жастағы қария еліміздегі саяси науқанға белсенді ат салысып, жылы лебізін білдірді.

  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар