Көкшетаулық көпбалалы ана сайлауда өз таңдауын жасады

Көкшетаулық көпбалалы ана, «Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі, «Демеу сенім» қоғамдық қорының жетекшісі Құралай Жұмабекова сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол өзі орналасқан сайлау учаскесіне отбасымен бірге барып, азаматтық белсенділіктерін танытты.

«Мен бүгін отбасыммен бірге, еліміздің келешегі мен гүлденуі үшін дауыс бердім. Әділдік орнатамыз десек, Жаңа Қазақстанды бірлесіп құруымыз керек. Сол себепті, бүгінгі саяси науқаннан ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде көпбалалы отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына жіті көңіл бөлінуде. Бұл біздерді қуантады, әрине. Көпбалалы ана ретінде балаларымыздың келешегі жарқын болсын деп тілеймін. Сол үшін өзім және кәмелеттік жасқа толған балаларымды алып, өзім тіркелген сайлау учаскесіне келіп дауыс бердім», – дейді көпбалалы ана Құралай Жұмабекова.

Айта кетсек, Көкшетаулық «Алтын алқа» иегері Құралай Жұмабекова туған балаларына ғана емес, өзгенің балаларына да жетерліктей аналық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі. Алты баланы дүниеге әкеліп, тағы алты баланы бауырына басқан ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласуда.

Бүгінгі күні ол жетекшілік етіп отырған «Ана үйі» ресурстық орталығы мен «Демеу сенім» қоғамдық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар