2023 жылғы 19 наурызда, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 57,02%
- Ақмола облысы бойынша – 60,01%
- Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%
- Алматы облысы бойынша – 60,03%
- Атырау облысы бойынша – 51,23%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%
- Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
- Жетісу облысы бойынша – 55,32%
- Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
- Қостанай облысы бойынша – 65,10%
- Қызылорда облысы бойынша – 67,21%
- Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%
- Павлодар облысы бойынша – 58,68%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
- Түркістан облысы бойынша – 53,01%
- Ұлытау облысы бойынша – 58,99%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
- Астана қаласы бойынша – 42,91%
- Алматы қаласы бойынша – 25,82%
- Шымкент қаласы бойынша – 45,46%
Дереккөз: www.election.gov.kz