Сайлау: Дауыс беру шетелдегі 44 учаскеде ғана жалғасуда

– Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының қорытынды статистикасы ертең ұсынылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі барлық учаскеде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек елден тыс жерлерде, 44 учаскеде жалғасады. Дауыс беру процесін кандидаттардың сенімді адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауды жүзеге асырды. Қорытынды статистика ертең ұсынылады», – деді Константин Петров Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялауға арналған брифингте.

Оның атап өтуінше, астана уақытымен сағат 22-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген 12 млн 35 578 азаматтың 6 млн 521 860-ы бюллетень алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар