– Бүгін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда елордада «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Е. Қошанов Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Сайлауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Халық дауыс беруге белсенді түрде барып жатыр. Халықтың саяси өмірге араласуы қарқыны да жақсы», — деді партия төрағасы.
Осы орайда ол сайлаудың әділ өтетініне сенімді екенін айтты.
«Сайлаудағы дауыс беру процесін байқаушылар егжей-тегжейлі қарап отыр. Сондықтан сайлау әділ өтетініне еш күмән жоқ», — деді Е. Қошанов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.