Сайлау әдеттегідей басталды

Мен, Мәлика Ерікқызы Рахметова нөмір 49-шы сайлау учаскесінде “Дауыс”қоғамдық байқаушылар коалициясының атынан бақылаушымын.

Сайлау учаскесі сағат 6.00-ден ашық тұрды. Учаскеде сайлау туралы ақпараттық стендтер бар. Сайлау кабинкалары талапқа сай, мөрмен бекітілген сайлау жәшігі көрінентін жерде орналасқан.

Таңғы сағат 7.00-де Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалып, өз дауыстарын беруге тұрғындар сағат жетіден келе бастады. Көбіне орта жастағы азаматтар алғашқылардың бірі болып келді.

Сайлауға келуші тұрғындардың көңілдері көтеріңкі екені байқалып тұр. Кей кезде сайлауға келушілердің кезекте тұрғаны да байқалады. Ешқандай бұзушылық байқалмайды. Барлығы тыныш, жақсы өтіп жатыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар