Әдеттегідей Көкшетау қалалық нөмірі 43 сайлау учаскесі өз жұмысына таңғы алтыдан кірісіп кеткен. Мұндағы сайлаушылар саны 2900 адам.
– Алдымен, сайлау участігінде ертемен ке, стационарлық тасымалдаушы жәшіктерді орналастырды. Алғашқы болып келген екі адамға сыйлықтарымызды табыс еттік. Сағат 11.00-ге 287 сайлаушы дауыс берді. Біздің 29 сайлаушымыз мүмкіндігі шектеулі жандар, қазіргі уақытқа үйден дауыс беретін 16 өтініш келіп түсті.
Өтінішті сағат 12.00-ге дейін қабылдаймыз. Сосын 14.00-ден кейін екі комиссия мүшесімен стационарлық тасымалданатын жәшікті алып үйлерге барамыз. Жалпы, сайлау тыныш өтуде. Ешқандай бұзушылық жоқ. Қазіргі уақытта біздің участікте «Ақ жол», «Республика», «Аманат» партияларынан, үш аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, үш үміткерлердің сенімді өкілдерінен бақылаушылар отыр, – дейді Көкшетау қалалық нөмірі 43-ші сайлау учаскесінің төрайымы Сәуле Жұмашқызы.
Осы участіктен тағы бір байқағанымыз, сайлаушылар бюллетенді алып, қабырғадағы үміткерлердің суретмен, мәліметтермен танысып, дауыс беріп жатыр. Міне, сайлаушылар қатары көбейіп түсті. Сайлауға дауыс беру уақыты кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.
***
Көкшетау қалалық нөмірі 44-ші сайлау учаскесінің төрайымы Манаргүл Тоқанқызының айтуынша, әдеттегідей, участікте 2655 сайлаушы бар.
Оның ішінде жастары кәмелетке толған 18 жастағы екі сайлаушы алғаш рет дауыс беріп өткен. Ешқашандай заң бұзушылық байқалмайды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.