Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру - АРҚА АЖАРЫ

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметі «жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

Бірінші кезең:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.

Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Бірінші кезең: ситуациялық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

Екінші кезең: түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 43-баптың 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);

3) кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші органдардың теріс жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

 Д.М. АХМЕТОВА,
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары басқармасының жер қатынастарын үйлестіру және реттеу бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар