Қазақстандық әуе компаниясы Ресей бағытындағы рейсті тоқтатты

– QAZAQ AIR әуе компаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерін тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат әуе компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды. Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет», – делінген хабарламада.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар