Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Су тасқынына қарсы тұра алады - АРҚА АЖАРЫ

Су тасқынына қарсы тұра алады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атбасар ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Әшкенов брифинг өткізді.  

Ауданда  су тасқынына қарсы штаб құрылды.Осы мақсатқа аудан бюджетінен 81,8 миллион теңге бөлініп, оның 57,2 миллион теңгесі қаланы қардан тазартуғабағытталса, 4,5 миллион теңгесі жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін қарастырылған, қап сатып алуға 852 мың теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда 6 мың қап сатып алынды. Сонымен қатар, жанар-жағар май сатып алуға 4,8 миллион теңгебөлінді.

Атбасар қаласы бойынша су тасқынының алдын алу шараларын жүргізуге жалпы саны 151 адам және 28 техника тартылады деп жоспарланған. Осы мақсатта  4 жедел жасақ құрылды. Меншігінде ассенизаторлық машиналары бар 8 жеке кәсіпкермен еріген суларды соруға арналған меморандум жасалды. Ықтимал су тасқыны аймағында тұратын тұрғындар арасында азаматтардың, қолда бар жануарлардың санын нақтылай отырып, үй-үйді аралап, су тасқыны кезеңінде эвакуациялау қажеттілігі туралы хабарламалар таратылды.

–Жабай өзенінің бойында орналасқан Полтавка, Титовка Покровка, Садовое, Борисовка елді мекендері ерекше назарда. Халықты алдын ала эвакуациялау тәртібі, сондай-ақ, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін техника мен адамдарды ұсыну мәселелері айқындалды. Аудан аумағында мұзды қопсыту және созу бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді, –  дейді Ерболат Әшкенов.

Жабай өзенінің ескі арнасы тазартылды. «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы»мемлекеттік мекемесі және табиғи ресурстар басқармасының өкілдері комиссиялық тексерулер жүргізді. Талқылау барысында Сепе-2 бөгетін қоспағанда, барлық бөгеттердің қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар