Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова күміс жүлдегері атанды.
Карина Ақмола бокс мектебінің тәрбиеленушісі, ол 1996 жылы 8 маусымда Көкшетау қаласында туған.
Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта финалда италиялық Ирма Тестамен шеберлік байқасты.
Азия чемпионы, екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері К.Ибрагимованың қарсыласы да мықты еді. Ирма Теста – 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2019 жылғы Еуропа чемпионы. Екеуінің де жасы 26-да.
Бірінші раундта бес төреші түгелдей И. Теста басым деп тапты. Ақыры қазылар жеңісті италиялық боксшыға берді – 5:0.
Осылайша Карина Ибрагимова өз спорттық жолында алғаш рет әлем біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды.
Бұдан бұрын Карина екі дүркін әлем чемпионын ұтып, финалға шыққан болатын.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.