Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тасқын суды тежей алатындай күш бар - АРҚА АЖАРЫ

Тасқын суды тежей алатындай күш бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Ғабды-Сабыр Мұхамедди мен аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Арман Қабышев ауданның ағымдағы жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы жөнінде айтып берді.

Қорғалжын ауданы аумағында көктемгі су тасқыны кезеңінде су басу аймағына 8 елді мекендер кіреді. Оның ішінде қауіптісі Ұялы және Өркендеу ауылдары. Себебі, бұл ауылдар Нұра өзеніне жақын. Су басу қауіпті аймағында барлығы 194 үй, 743 тұрғын және 13 маңызды объектілер орналасқан.

−Сондай-ақ су басу қауіпі бар аймаққа автомобиль жол учаскелері кіреді. Барлық су басуы ықтимал жолдың ұзындығы 800 метрді құрайды. Былтыр Ақмола облысының елді мекендерін инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қорғалжын ауылының Мадин Рахымжан және Шоқмет Әубәкіров көшелерінің бойындағы су бұру арналарын кеңейту және терендету жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Өркендеу және Ұялы ауылындағы жер үйінділерінің әлсіреген жерлерін нығайту бойынша инженерлік жұмыстар атқарылды. Аталған жұмыс жыл сайын осы елді мекендердің қажеттілігіне қарай, яғни, тозығы жеткен бөліктерін жөндеу арқылы жүргізіледі, −деді Ғабды-Сабыр Мұхамедди.

Су басу қаупі бар Сабынды, Ұялы және Өркендеу ауылдарында С-28 электр дабылдары орнатылды. Аудан аумағында 117 жол асты су өткізу құбырларын қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

− 5640 текше метр қар шығарылды. Барлығы 60 адам, 14 техника жасақталды. Сондай-ақ, барлық ауылдық округ әкімдері мен серіктестіктердің және шаруа қожалықтарының басшылары арасында тұрғындарды эвакуациялау, су соратын техникаларды және инженерлік техникаларды тарту бойынша келісім-шарттар жасалды. Су басу қауіпі туындай қалса, халықты көшіру үшін 8 көшіру пункті қарастырылды, −деді Қабышев Арман.

Жалпы, аудан бойынша жағдай тұрақты бақылауда. Су тасқынын болдырмау үшін тиісті іс-шаралар толық жүргізілуде.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар