Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Талдықорған қаласында тау туризмі және спелеотуризм техникасы бойынша Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттары аяқталды, оған Ресей, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері қатысты.
Ақмола облысының спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, үш медальға ие болды. Оның ішінде Аделия Аманжолова халықаралық есепте күміс жүлдегер атанды. Ал еліміздің басты старттарында ол жеңімпаз атанды.
«Байламдар» қашықтығында жерлестеріміз Михаил Горленко мен Аделия Аманжолова үшінші орынды иеленді.
Ақмола облысының спорттық туризм бойынша аға жаттықтырушысы Евгений Ефремов атап өткендей, жарыс қорытындысы бойынша ақмолалық спортшылар Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.