Ас  беру – сауапты іс

Рамазан айы – әр мұсылман үшін ерекше ай. Бұл айда Алла тағала өз жамағатын рақымына бөлеп, күнәларын кешіріп, дұғасын қабыл етеді.

Сол себепті  мұсылман  қауымы қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, дұға оқып, игі істер жасап, садақа беруі қажет. Рамазан айында  адамдарға  ас беру – сауапты іс. Ас  ораза тұтқан жамағатқа берілсе, оның сауабы мыңдап артады. Қасиетті Рамазан айында Төңкеріс ауылындағы «Қадам НС» кәсіпорнының басшысы Медет Ыдырысұлы Қожабаев ауыл тұрғындарына ауызашар ұйымдастырып, ел бір дастарқан басында қауышты.

Жиналған қауым бейбітшілікті, халықтың амандығын тіледі. Медет Ыдырысұлының ауыз ашқызуының маңыздылығы, ауыл тұрғындары арасында береке мен бірлікті бекемдеуінде. Жылда ауыл адамдарының  бір-бірінен үлгі алып, ораза тұтуға деген құлшыныстарын арттыруға  септігін тигізуде  «Қадам НС» кәсіпорны басшысының атқарған  еңбегі зор.

Жас болса да, Медет Ыдырысұлы әрдайым жығылғанды демеп, жылағанды жұбатып,  мұқтаж адамдарды мұңынан арылтып, туған ауылы үшін жақсылық жолында тынбай еңбек етуде. Ол жылда бір келер Рамазан айына  ізгі үлесін қосып, ауыл тұрғындарының алғысына бөленді.

Кісілік пен кішілік тұла бойынан төгіліп тұрған Медет Ыдырысұлының болашақта елдің мақтанышы болатынына кәміл сенемін.

Қасиетті Рамазан айында өзімізге берілген алтын уақытымызды маңызды іске жұмсап, көп көңілінен шыға берейік! Алла Тағала әр ісімізді сауаптан жазсын!

                                           Салтанат ҚАУМҰРАТОВА.

Целиноград ауданы,

Төңкеріс ауылы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар