Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бейбіт Жүсіпов – Ақмола облыстық мәслихатының жаңа төрағасы - АРҚА АЖАРЫ

Бейбіт Жүсіпов – Ақмола облыстық мәслихатының жаңа төрағасы

– Көкшетауда VIIІ шақырылым депутаттарының қатысуымен Ақмола облыстық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Жаңа құрам облыстық мәслихат төрағасының кандидатурасын ұсынып, оған дауыс берді. Бұл қызмет осыған дейін облыстық білім басқармасының басшысы болған Бейбіт Жүсіповке жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сессияны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов ашты.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысын жариялай келе, ол сайланған депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді тапсырды.

Сессия жұмысын жалғастыра отырып, Манарбек Сәдуов отырысқа облыс әкімі Ермек Маржықпаев, оның орынбасарлары, облыстық әкімдік аппаратының, басқармалар мен ведомстволардың басшылары, сайлау комиссиясының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатынын атап өтті.

photo

Бейнеконференцбайланыс режимінде сессия жұмысына қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ мәслихат төрағалыры қосылды.

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы болып «AMANAT» партиясының мүшесі Бейбіт Жүсіпов сайланды.

Бейбіт Айтымұлы өз сөзінде депутат-әріптестеріне көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының жұмысы жемісті болатынына және сайлаушылардың барлық өтініштерін орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, сессия барысында Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары құрылып, олардың төрағалары мен құрамдары сайланды.

photo

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Марат Қойшыбаев сайланды, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияны Айнагүл Балташева басқаратын болды.

Депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Павел Безвербный сайланды.

Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі комиссияны Саят Сыздықов басқарады.

Облыстық мәслихатта көпшілік (32-ден 26) орынға ие болған «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Мәслихаттың кезекті екінші сессиясына 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мәселені енгізу ұсынылды.

photo

Сессия соңында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев депутаттарды құттықтап, өңірдің өзекті мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды.

Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, депутаттық корпуспен бірлесіп шешілетін бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді атап өтті.

Айта кетсек, Ақмола облысы мәслихатына депутат болып кімдер сайланғаны белгілі болды.

photo

Фото: Ақмола облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар